Еріктілердің айтуынша, жоғалған адам осы жылы сәуір айында табылған.
Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды
Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz
1,123
оқылды

Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Коваленко Валерия Денисовна 2009 жылы туған, 2023 жылғы 24 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 23:00 шамасында Іле ауданы Боралдай ауылы Әзербаев көшесі, 102 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені беймәлім болды.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған адам биыл сәуір айында табылған. Қыздың нақты қайдан табылғаны және басқа да деректер әзірше айтылмады.