3 мамырда Павлодар қаласының № 2 соты аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасау дерегі бойынша А.Г., М.А., Б.А., Ж.А. және А.А. секілді адамдарға қатысты қылмыстық істі қарады.
Павлодар облысында әкімдік қызметкерлері 89 миллион теңге жымқырған
189
оқылды

2022 жылғы тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Павлодар қаласы әкімдігінің және Павлодар ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері - А.Г., М.А., Б.А., Ж.А., А.А. қызметтік бабын пайдалана отырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке көмекшілерінің жұмысына заңсыз ақы төлеп, бюджеттен 89 миллионнан аса теңге жымқырған, - деп жазады Aikyn.kz.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденді. Сотталушылар кінәларын толық мойындады және залалды өтеді.

Сот кінәлі адамдарға 3 жыл 6 айдан бастап 5 жыл 6 айға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады.

Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.