Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында қауіпті шектен (850 см) асып кетті.
Жайық өзенінің деңгейі арнасынан тағы асып барады
942
оқылды

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 4 мамыр күнгі сағат 08.00-дегі ақпаратқа сәйкес, өзен деңгейі бір тәулікте 52 сантиметрге көтеріліп, 857 сантиметрге жетті, деп жазады Aikyn.kz.

Кazinform хабарлағандай, Жайық өзенінің Батыс Қазақстандағы басқа гидробекеттерінде су деңгейі түсіп жатыр. 

Оған қоса, Бәйтерек ауданындағы Көшім каналында 779 сантиметрді (-34, қауіпті шегі 800 см) көрсетті.

Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалиннің айтуынша, Тайпақ ауылы биікте орналасқандықтан, қауіп жоқ.

«Тайпақ ауылы тұсында күн сайын су деңгейі 50 сантиметрге жоғарылағанымен, жағдай қалыпты. Сондай-ақ Базаршолан, Алмалы, Сарытоғай ауылы маңындағы жайылмаларға да су шығып, Атырауға қарай ағып кетіп жатыр»,  деді М.Сердалин.

«Жайықтехсервис» МКК директоры Тимур Мырзағалиев өзен бойында орналасқан су ұңғымаларын су басуына байланысты ауылдық округтерге ауызсудың тасымалданып беріліп жатқанын жеткізді.