Антикор ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері пара алғаны үшін ұсталды
37
оқылды

Аталған тұлғалар 2021-2024 жылдар аралығында шағын және орта бизнес өкілдерінен компаниялардың қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, деп жазады Aikyn.kz.

Антикордың хабарлауынша, сот күдіктіге қатысты электронды білезік арқылы үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Ол өз кінәсін толық мойындады және қазір тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қылмысқа қатысы болуы мүмкін басқа тұлғалар да тексеріліп жатыр", – деді антикор өкілі Данияр Биғайдаров.