Сейсмологтар бұл құбылысты афтершок деп атады.
Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде 4,5 балдық жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto.com
3,642
оқылды

Қазақстандық сейсмологтар Алматының оңтүстік-шығысында тағы бір жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Қазақстан ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық станциялары желісінің мәліметі бойынша, 29 сәуір күні сағат 17: 06-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде – Қытай аумағында жер сілкінісі болды.

Сейсмологтар бұл құбылысты афтершок деп атады.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.
  • MPV магнитудасы – 4,5.
  • Тереңдігі – 5 шақырым.

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмеді.