Аталған дерек бойынша 9 адам ұсталды. 
Қазақстан, Украина және Чехия: Интернет-алаяқтық бойынша трансұлттық қылмыстық топтар ұсталды
Фото: polisia.kz
543
оқылды

Қазақстан, Украина және Чехия полициясы интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобын жойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шеңберінде ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, интернет-алаяқтыққа шетелдік азаматтардың қатысы бар екенін анықтады. Министрліктің қызметкерлері қызметтік іссапар барысында Украина Ұлттық полициясымен және Чехия полициясымен бірлесіп, интернет-алаяқтардың екі трансұлттық қылмыстық тобының әрекетіне тосқауыл қойды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. 

Запорожье қаласында алаяқтардың екі call-орталығы жойылды. Қаскүнемдер өздерін банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қазақстандықтарға қоңырау шалып, олардың шоттарының деректерін алуға тырысқан. 

9 адам ұсталды. 17 компьютер, 62 мобильді құрылғы, сондай-ақ 35 грамм “метадон” препараты тәркіленді.