Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Төтенше жағдайлар министрлігі маңызды ескерту жасады
3,301
оқылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға табиғаттағы жүріс-тұрыс қағидалары жөнінде ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Табиғи өрттердің пайда болуына ең алдымен, азаматтардың отпен абайсыз әрекеттер жасауы және найзағай разрядтары (найзағай) себеп болады.

– Орман және дала алқаптарында жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастауға тыйым салынады. Ал өрт қаупі бар кезеңде от жағу, қоқыс пен құрғақ шөпті жағу, май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген шыны заттарды (бөтелкелерді) қалдыру аса қауіпті. Табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз. Өрттің өте қауіпті екенін есте сақтаңыз! Табиғаттың тағдыры сіздің қолыңызда! – делінген хабарламада.