6 379 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.
Су тасқыны: 37 мыңнан астам адам өз үйіне оралды
321
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 11:00-дегі ақпаратты жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі жазғандай, республика бойынша 37 324 адам өз үйіне оралды, ал 6 817 адам эвакуациялау пункттерінде.

6 379 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.

Су тасқыны бастағалы бері 12,6 миллион астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 миллионнан астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген.