Жол апаты 26 сәуір күні сағат 04:30 шамасында болды.
Шымкентте скутер мінген курьер қоршауға соғылып, қаза тапты
284
оқылды

Шымкентте жол апатынан курьер қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Желтоқсан көшесінің бойымен келе жатқан скутер жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жеке тұрғын үйдің темір қоршауына барып соғылған.

Оқиға салдарынан ер адам жедел жәрдем келгенше сол жерде жан тапсырған.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.