Түркістан облысы ПД-нің бастығы Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында кәмелетке толмаған қызды зорлау оқиғасына қатысты түсінік берді.
Зағамбар ауылындағы зорлық және өрт: полиция бастығы мәлімдеме жасады
Фото: azattyq.org
455
оқылды

Түркістан облысы ПД-нің бастығы Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында кәмелетке толмаған қызды зорлау оқиғасына қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, әлеуметтік желілерде 24 сәуірде Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында болған оқиға туралы жалған ақпарат таралуда. 24 сәуірде кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды және қылмыстық іс сотқа жолданады.

«Сонымен қатар, 25 сәуірде полицияға бөтеннің мүлкін өртеу туралы хабарламалар түсті.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Бөтеннің мүлкін өртеу фактісіне қатысқандардың барлығы анықталып, ұсталды және қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», – деді ол.

Аталған жайттар бойынша нақты ақпарат оқиға болған күні Полиция департаментінің ресми парақшаларында жарияланды.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Зағамбар ауылында жағдай тұрақты, облыс әкімі және барлық мемлекеттік органдар басшыларының төрағалығымен ауыл тұрғындарына жиын өткізіліп тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді, заң шеңберінде шешім қабылданатыны ескертілді.

«Интернет желісінде таралған, яғни “Бірнеше оқушы ұсталды, жәбірленуші жүкті және бірқатар жігіттер зорлады” деген ақпараттар шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда жалған ақпарат таратқан бірқатар авторлар анықталды, оларға қатысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қабылдануда. Барша азаматтарға ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін», – деп аяқтады сөзін ол.