Қазақстан аумағында дүмпулер сезілмеді.
Алматыдан 257 шақырым жерде 5,4 магнитудалық жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto.com
7,505
оқылды

Қазақстандық сейсмологтер Алматыдан 257 шақырым жерде тағы бір жер сілкінісін тіркеді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан аумағында дүмпулер сезілмеді.

ҚР ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық стансаларының желісі 25 сәуір күні сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтер мұны афтершок деп атады.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2.
  • MPV магнитудасы 5.4.
  • Тереңдігі 10 шақырым.