Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сот залында көрсетілген видеоға қатысты түсінік берді.
«Көпшілік түсінбей қалды»: Салтанат Нүкенованың ағасы сотта аты аталған кәсіпкерге қатысты әңгімеге нүкте қойды
Фото: instagram.com/ aitym
1,576
оқылды

Әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы  Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында белгілі кәсіпкер Райымбек Баталовтың есімі аталған еді. Осыған орай жәбірленуші Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сот залында көрсетілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол сотта видеоның аяқ жағы ғана қойылғаннан кейін көпшілік дұрыс түсінбей қалғанын айтты. Әлеуметтік желіде оқырмандарымен байланысқа шыққан ол видеоның бір бөлігін тыңдатты. Онда Салтанат белгілі кәсіпкер Райымбек Баталовпен өзін ешнәрсе байланыстырмайтынын нақты айтқан.

"Бүгін басты сот тергеуі аяқталды. Бейнежазбаларды қайта қарадық. Қазір тек бір мәселені талқылап, нүктесін қойғым келеді. Өйткені бұл тақырып өте маңызды. Бұл туралы соңғы рет айтып отырмын деп үміттенемін. Қазір Лимара және Райымбек Баталовтарға хейт кетіп жатқанын білемін. Олар да сот отырысынан зардап шеккен басқа да тараптар секілді жәбірленуші деп ойлаймын. ...Сотталушының ойындағы нәрсе тек оның миында. Кеше біз телефоннан бейнежазбаны қараған кезде судья видеоның аяқ жағын ғана қойды, сондықтан көпшілік түсінбей қалды. Видеоның басында Салтанат ұзақ уақыт бойы өзіне қойылған сұрақтарға нақты жауап береді. Ал айыпталушы сұрақтың жауабы өзіне ыңғайлы болмайынша қайталап қоя берген. Сот отырысында кейбір бейнежазбаларды қайта қарауға мәжбүр болдық. Себебі қорғаушы тарап кейбір деректерді жоққа шығарды. Сондықтан мен мына видеоны соңғы рет көріп, дауысын соңғы рет тыңдап тұрмын деп үміттенемін.

...Бұдан басқа қандай түсініктеме, дәлел қажет екенін білмеймін. Шынымды айтсам, маған бәрібір. Сот аясында біз бәрін дәлелдедік. Видеоның бұл бөлігі неліктен тікелей эфирде естілмегенін білмеймін. Өйткені біз адамдар Салтанаттың дауысын естуі үшін әдейі осы видеоны тыңдауға қойған болатынбыз. Сондықтан бұл жай ғана факт. Ол ауру сұрағына жауап алу үшін оны түні бойы азаптады. Мен оның неге Райымбек Баталовқа сонша қызғанышпен қарайтынын білмеймін, түсінбеймін. Бірақ мәселе оның басында, миында екенін білемін. Ол өзіне қызғануға себеп ойлап тауып, мотив жасады", - деді Айтбек Амангелді.