Ол алдымен Қазақстанға жиі келетінін, тіпті мұнда түрлі іс-шаралар, той жүргізетінін атап өтті.
«Салтанат ісі мұны өзгертеді»: Ксения Собчак Қазақстандағы «ұят» ұғымы туралы сөз қозғады
Фото: Instagram/xenia_sobchak
800
оқылды

Ресейлік журналист Ксения Собчак әлеуметтік желідегі парақшасында Салтанат Нүкенованың ісі және Қазақстандағы «ұят» ұғымы туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ол алдымен Қазақстанға жиі келетінін, тіпті мұнда түрлі іс-шаралар, той жүргізетінін және достары бар екенін атап өтті.

«Жалпы мен Қазақстанға жиі келемін және бұл елді жақсы көремін. Мұнда достарым көп, кейде осында іс-шаралар мен тойларды жүргіземін. Сонымен бірге мұндай біртүрлі қайшылықты бірінші рет байқап тұрған жоқпын. Бір жағынан, қазақ әйелдерінің басым бөлігі оқ бойы озық: олар көп жұмыс істейді, тәуелсіз, бәріне өздері қол жеткізгісі келеді, эмансипацияға, тәуелсіздікке, теңдікті мойындауға ұмтылады. Оның үстіне мұнда дұрыс феминизмге, өзара көмекке және girl power түсінігіне орын бар. Мұндай әйелдерді өзім де танимын, кейбірімен доспын, оларды қатты сыйлаймын.

Алайда мұнымен қоса елде «ұят» деген түсінік бар. Ол қоғамдық айыптаудан көрінеді. Онлайн да, офлайн да. Осы құбылыс аясында әйел кез келген дәстүрлі нормадан ауытқығаны үшін ұятқа қалуы мүмкін. Көшеге қысқа белдемшемен шықтыңыз ба? Ұят. Бірнеше «үміткеріңіз» бар ма? Ұят. Күйеуің қол көтеріп жатқанда, кетіп қалдың ба? Ұят. Әрине, бұл моральдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге қосымша қысым жасайды.

«Ұят» түсінігін қорғайтындар Қазақстанның еркін ғұрыптар мен жастардың прогрессив көзқарастарының қарқынды дамуына байланысты халықтың бір бөлігі арасында танымал көрінеді. Аға буын осылайша белгілі бір әдептілік шеңберін құрып, «оларды қателіктен қорғағысы келеді». Бірақ іс жүзінде бұл архаизмді бүркемелеп жатыр.

Ендеше, менің айтайын дегенім: Салтанат ісі осы бағыттағы бетбұрыс болды. Ол бұл түсінікті өзгертіп жатыр. Бұрын ұят деп келген консервативті ойлайтын халықтың бір бөлігі әйелдерге көп сөйлеме, ұрыс-керісті сыртқа шығарма, үндеме, шыда, сүйіп кетесің» деп келген. Енді міне, қыздар үйдегі тирандарға қарсы күресте бірігіп қана қоймай, арнайы заң қабылданған күнге жетті.

Жалпы, қазір Қазақстанда Салтанат ісі аясында өте қызық оқиғалар болып жатыр. Бәлкім, біз тып-тыныш төңкерістің бір түрін көріп жатқан шығармыз. Азаматтық қоғамның жеңісін», - деп жазды ол.