Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелді.
Екі облыстың жолын су басып, көлік қозғалысы шектелді
Фото: pkzsk.info
521
оқылды

Еліміздің екі облысында жолдарды су басу салдарынан көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

 

Қостанай облысы

2024 жылғы 23 сәуірде сағат 18:15-те еріген қар суының салдарынан "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 686-729 шақырымының (Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы учаскесі) жүру бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

2024 жылғы 23 сәуірде сағат 18:15-те Қостанай облысынан еріген қар суының өтуіне байланысты "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 729-768 шақырымы аралығында (Қостанай облысының шекарасы – Тоқсан би ауылының учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.