Ол Қуандық Бишімбаевтың сотында болған оқиғадан кейін өзінің абыройын қорғау үшін осындай әрекетке барғанын айтады.
"Бұл – таза өтірік": Райымбек Баталов Бишімбаевтың сөздеріне қатысты пікір білдірді
Фото: видеодан алынды
660
оқылды

Белгілі кәсіпкер Райымбек Баталов instagram -дағы жеке парақшасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 

Ол Қуандық Бишімбаевтың сотында болған оқиғадан кейін өзінің абыройын қорғау үшін осындай әрекетке барғанын айтады.

«Достар, мен Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты соңына дейін пікір білдіргім келген жоқ. Алайда, менің атым мен абыройыма нұсқан келтіретін адам сенгісіз сөздерден кейін осылай істеуге мәжбүрмін. Айтайын дегенім, аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отырған адамның маған қатысты айтылған сөздері – жындының сандырағы, бұл – таза өтірік. Бұл жалған сөздерге сенбеңіздер, БАҚ өкілдері мен блогерлерден тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды сұраймын. Және осындай ауыр қайғыға душар болған Салтанаттың жақындары мен туыстары қыздарының абыройын қорғау үшін шыр-пыр болып жүргені әрине өкінішті. Мен Нүкеновтер отбасына қайғыра көңіл айтамын», – деді Райымбек Баталов.