Бірақ бүгін таңертең ер адам бұталардың арасынан тірі табылды.
Ақмола облысында суға батып кетті деген ер адам тірі табылды
Фото: Ақмола облысы ТЖД
385
оқылды

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Атбасар ауданында суға батты деген ер адамның тірі табылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Жабай өзенінің тасуы салдарынан су басқан учаскеде 1977 жылғы ер адам суға батып кетті деген күдікпен құтқарушылар шақырылған болатын.

«Бірінші күнгі іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді. Бірақ бүгін таңертең ер адам бұталардың арасынан тірі табылды. Құтқарылған адам сүңгуір костюмдерін киген құтқарушыларды көріп қуанып кеткен. ТЖД қызметкерлері оны тамақтандырып, құрлыққа жеткізді. Ер адам жыра-жықпылдың арасында 1,5 күн отырған», – деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ер адамның су басқан учаскеге не үшін және қалай барғанын қазір Атбасар ауданының полиция бөлімі анықтап жатыр.