Қазіргі таңда республикалық жолдарда 306 бірлік техника мен 411 адам жұмылдырылған. 
4 облыста су тасқынына байланысты жолдар жабылды
Фото: zhaikpress.kz
438
оқылды

Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО облыстарында республикалық маңызы бар 8 жол учаскесінде жол қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК мәліметінше, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа айының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан СҚО мен Қостанай облыстарында 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болған.

Салдарынан 4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 306 бірлік техника мен 411 адам жұмылдырылған.