«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиа­лы­ның ұжымы, партия филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ бел­сенділері «Таза Қазақстан – Таза аймақ» экологиялық ак­­ция­сына үлес қосып, партияның «ТазаLike» жобасы аясын­да аймақты абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыс­та­рына атсалысты.
Абаттандыру жұмысына атсалысты
870
оқылды

Азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру мен қоршаған ортаға жа­нашырлықпен қарап, оны таза ұстауды күнделікті өмір салтына ай­нал­дыру мақсатында өңірде өткен жаппай сенбіліктер барысында партияластар арық-атыздарды күл-қоқыстан тазартып, талдарды әктеу, ескерткіштерді жуып-тазалау жұмыстарын жүргізді. 

Адам денсаулығының бір бөлігіне айналған табиғат тазалығын қалып­тас­тыруға бағытталған мұндай шаралар еліміздің өзге  аймақтарында да жүр­гізілуде.

Берік БЕК