Оқиға 20 сәуір күні «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болған.
Алматыда жасөспірімді зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: @kozachkow
452
оқылды

Алматы қаласында 13 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ақпарат белгілі Telegram-арналардың бірінде жарияланды.

Автордың айтуынша, оқиға 20 сәуір күні «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болған.

Болжам бойынша, ер адам пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан және қылмысты көлік тұрағында жасауы мүмкін деген болжам бар.

Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жай анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.