Бұған дейін 60 келідегі Айдос Сұлтанғали жолдама иеленген болатын.
Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасына барады
Фото: ҰОК
783
оқылды

Бішкекте өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, грек-рим күресінен 77 келіде сынға түскен Демеу жартылай финалда Оңтүстік Корея балуанын 5:2 есебімен ұтты.

Бұған дейін 60 келідегі Айдос Сұлтанғали жолдама иеленген болатын. Ал 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет жапон спортшысына жол берді.