Егер аталған жасөспірімдердің орналасқан жерін білгендер болса, 102 телефон нөміріне хабарласу сұралады.
Семейде жоғалып кеткен бір үйдің балалары әлі табылмай жатыр
397
оқылды

Абай облысы Семей қаласында 7 сәуірде әпкелі-інілі бір үйдің балалары жоғалып кеткен болатын. 21 сәуірде облыстық Полиция  департаменті олардың әлі табылмай жатқанын нақтылады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Семейде полицейлер мен құтқарушылар Әбішевтердің жоғалған ағасы мен әпкесін іздеуді жалғастыруда. Өзен арналарында іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көп жиналатын жерлерде іздестіру шаралары жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.

Берілген нұсқаулыққа сәйкес, жоғалғандар –  2005 жылы туған Алтынай Әбішева және 2008 жылғы Абзал Әбішев.

Өңірлік ведомство мәліметінше, олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елді мекендегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.

Алтынайдың белгілері: бойы – 160-165 см, дене бітімі – арық, шашы – қара. Үстінде етегі тізеге дейін жететін жасыл болон курткасы, қара түсті футболкасы, қара түсті кроссовкасы бар.

Абзалдың белгілері: бойы – 175-180 см, дене бітімі  – арық, шашы – ашық түсті, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстінде – қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка.