Ұлттық волонтерлік желі тегін заң қызметтерін көрсету акциясын бастады.
Су тасқынынан зардап шеккендерге заң қызметтері тегін көрсетіледі
GOV.KZ
350
оқылды

Ұлттық волонтерлік желі волонтерлік күштерді жалпы үйлестіру бойынша жұмысты жалғастыруда, волонтерлердің өңірлік фронт-офистерінің, сондай-ақ жергілікті жерлердегі серіктестік ұйымдардың мүмкіндіктері бойынша ақпарат жиналуда, – деп жазады Aikyn.kz.

708 706 42 42 нөмірі бойынша бірыңғай call-орталық жұмыс істейді, ол бойынша барлық азаматтардан, оның ішінде су тасқынынан зардап шеккендерден хабарламалар қабылдаймыз, өйткені қазір тегін заң қызметтерін көрсету бойынша акцияны бастадық. Кеңес аламын деушілер осы нөмірге хабарласа алады, –  деді «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ өкілі Гүлжамила Камарова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Жалпы, республика бойынша қазіргі уақытта жергілікті азаматтар арасынан 43 мыңнан астам ерікті мен волонтер жұмылдырылды. Республиканың 16 өңіріндегі гуманитарлық көмекті жинау және сұрыптау жөніндегі штабтарда су тасқыны басталғаннан бастап осы күнге дейін 6 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды, оның 4 мың тоннасы зардап шеккен өңірлерге жіберілді.

Волонтерлер жергілікті атқарушы органдармен, ТЖД-мен тығыз ынтымақтастықта көмек көрсетіп жатыр. Оның ішінде қаптарды инертті материалдармен толтыру, ТЖД-ға су басқан үйлерден су соруға көмектесу, эвакуацияланған халыққа, құтқару қызметінің қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге ыстық тамақ, эвакуациялық пункттерде балалардың бос уақытын ұйымдастыру сияқты жұмыстарды атқарады.