Қазіргі уақытта өрт жойылды, зардап шеккендер жоқ.
Астана мен Шымкентте автокөлікте өрт болды
483
оқылды

Елордада көшеде жеңіл көлік отқа оранды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Астанада Есіл ауданы  Мәңгілік Ел даңғылы мен Бұқар Жырау көшесінің қиылысының жүріс бөлігінде жеңіл автокөлік  жанды", –  деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта өрт жойылды, зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар  Шымкент қаласында автокөлікте болған өрт сөндірілді.

Қаратау ауданында Н.Назарбаев даңғылы мен Шаяхметов көшесінің қиылысында жеңіл автокөліктің салоны мен мотор бөлігінде өрт болды. Өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірді.