Маманның айтуынша, егер киім синтетикадан жасалған болса, бұл жылуды реттеудің бұзылуына әкеп соқтырады
Тар шалбар ер адамның денсаулығына үлкен зиян тигізуі мүмкін – дәрігер
1,616
оқылды

Тар немесе белді қысып тұратын шалбар немесе ішкиім киіп, көлік жүргізетін ер адамдар өзінің репродуктивті денсаулығына үлкен зиян тигізеді. Бұл туралы ресейлік дәрігер уролог Андрей Лычагин ескертті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Тар, белді қысып тұратын киім ер адамның репродуктивті денсаулығына үлкен зиян тигізуі мүмкін. Бұл жағынан ең қауіпті - тар джинс, шалбар және ішкиім. Егер киім синтетикадан жасалған болса, бұл жылуды реттеудің бұзылуына әкеп соқтырады. Шап аймағындағы температураның жоғарылауы, тіпті шамалы болса да, сперматогенезді, яғни шәует өндірісін нашарлатады», - деп түсіндірді дәрігердің сөзін Massaget.kz.

Сонымен қатар уролог ұзақ уақыт бойы бір жерде отыратын көлік жүргізушілерде ыңғайсыз киім кию арқылы репродуктивті денсаулыққа қауіп төнетінін айтты.

«Тар киім киіп, ұзақ уақыт көлік жүргізетін ер адамдар тәуекел аймағында. Жылуды реттеудің бұзылуынан басқа, жамбас аймағында қанмен қамтамасыз ету тоқырап, салдарынан көлік жүргізушісі белсіздікке шалдығады», - деп ескертті дәрігер.