Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады.
Қар жауады: алдағы аптаға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
49,392
оқылды

Ел аумағының қармен жабылған ауданы 3%. Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. 

Синоптиктердің болжамынша, 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, тек кей күндері жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Жаңбыр жауады, кезеңнің басы мен ортасында Шығыс Қазақстан облысында, кезең аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады. Атап айтқанда, 20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында.

Ал 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында нөсер жаңбыр жауады деп болжанады.