Оқиға 19 сәуірде сағат 16.30-да Шымкентте болған.
Шымкентте автобус пен скутер соқтығысып, бір адам қаза тапты
942
оқылды

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, скутердегі адам  егде жаста. Ол рульдің бұзылуына байланысты №126 бағыттағы автобуспен соқтығысқан,  деп жазады Aikyn.kz.

Жол апатының куәгерлері дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Алайда дәрігерлер зардап шеккен адамға көмек көрсете алмаған. Алған жарақаттарынан ер адам сол жерде көз жұмды.

"Бұл факт полицияға тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр",  деп қосты "Экстренный вызов" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болған. Зардап шеккендер жоқ.

"Оқиғадан кейін скутер мен автобус адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталғанша тұраққа сүйреп апарылды", делінген хабарламада.