Петропавлдағы №25 мектепте жанжал шығып, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызметтік этика мен заңнаманы бұзған психолог жұмыстан босатылды.
Петропавлда мектеп психологі оқушымен жыныстық қатынасқа түскен
525
оқылды

Оған қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы психолог пен оқушы қыздың арасындағы байланысты растады.

Облыстық соттың хабарлауынша, 2023 жылдың желтоқсан айында Бапашев (сотталған) кәмелетке толмаған қыздың жасын біле тұра онымен жалдамалы пәтерде жыныстық қатынасқа түскен.

Қаңтар айының басында "жыныстық оқиға" тағы қайталанған. Бұрынғы психолог жасаған ісіне толығымен өкінетінін жеткізді.

Оның жазасы жеңілдетіліп, сот 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа жүйесінде өтеуге үкім етті.

Ол енді ешқашан педагогикалық мекемелерде жұмыс істей алмайды.