Әзірге еркін күрес шеберлерінде екі жолдама бар.
Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Фото: ҰОК
1,363
оқылды

Күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Әлішер Ерғали лицензия жеңіп алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали жартылай финалда қытайлық Хабиланы 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, ол Париж Олимпиадасына жолдама алды. 

Әзірге еркін күрес шеберлерінде екі жолдама бар. Бұған дейін 86 келідегі Азамат Дәулетбеков Сербияда өткен әлем біріншілігінде лицензия иегері атанған болатын. 

Ал бүгін жарыс жолына шыққан еркін күрес шеберлері ішінде Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі), Маис Алиев (65 келі) және Нұрғожа Қайпанов (74 келі) жеңіліп  қалды.