Өтініш берушілер су тасқынынан бүлінген мүлікке біржолғы көмек алу және өтемақы төлеу мәселелері бойынша жүгінді.
"Құқықтық көмек": Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен адамдарды көшпелі қабылдау ұйымдастырылды
535
оқылды

Қостанайда “Құқықтық көмек” партиялық жобасы аясында су тасқынынан зардап шеккен адамдарды көшпелі қабылдау ұйымдастырылды.

Құқықтық көмек көрсету орны Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының ғимаратында орналасқан эвакуациялық пункт болды.

Көшпелі тақырыптық қабылдауға қатысушылар құрамына Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжолова, Қостанай адвокаттар алқасының адвокаттары Александр Лебедев және Жанар Шопағұлова, нотариустар Бауржан Садуев және Бидаш Нұрмақова, Қостанай облысының “Заңгер” заң консультанттары палатасының мүшелері Аида Серікова және Алина Айтова кірді.

Өтініш берушілер су тасқынынан бүлінген мүлікке біржолғы көмек алу және өтемақы төлеу мәселелері бойынша жүгінді.

Бірқатар өтініш берушінің жағдайын су астында қалған жылжымайтын мүліктің иесі болмауы қиындатып отыр.

Кәсіби заңгерлер кез келген жағдайда тұрғылықты жері бойынша атқарушы органдарға материалдық залалды өтеу туралы өтінішпен жүгінуге кеңес берді.

Сондай-ақ азаматтарға заңгерлік көмек бойынша «AMANAT» партиясының облыстық филиалына жүгінуге болатыны ескертілді.