Қарт әже ұзатылып бара жатқан немересіне бата берді.
«Ибалы бол, бірақ сүмірейіп қалма!»: әженің батасы
229
оқылды

Әлеуметтік желіде немересіне бата берген әженің сөзі қызу талқыланып жатыр, дейді Аikyn.kz.

«Үлкенге үлгілі, кішіге сыйлы келін бол. Ата-енеңді сыйла. Үйден көрген тәрбиеңді іске асыр. Ибалы бол, ибалы бол дегенде сүмірейіп қалма. Батыл бол, биік тауға шыға бер. Үбірлі-шүбірлі бала-шағалы болып, бақытты өмір сүр. Жүзіңнен күлкі кетпесін, жаманшылық басыңа өтпесін. Аспаның ашық, жүрегің жарық болып, бақытты бол», деді әже.