Су тасқыны басталғалы бері өңірде 13 794 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 мыңға жуық бала бар.
20 сәуірде БҚО-ға Ресейден көлемі үлкен су келуі мүмкін
Фото: wiki2.org
749
оқылды

Ресейдің Орынбор облысынан бастау алған көлемді су Батыс Қазақстан облысына 20 сәуірде келеді деп болжанып отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі басшысы Ерхан Тәткен айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Ресейдің Орынбор облысынан бастау алған көлемді су Батыс Қазақстан облысына 20 сәуірде келеді деп болжанып отыр. Осыған орай су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар күшейтілді. Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде Ақжайық, Бөрілі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласында жалпы ұзындығы 102 шақырымға жуық бөгет тұрғызылды, - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде.

Су тасқыны басталғалы бері өңірде 13 794 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 мыңға жуық бала бар. Облыстан және басқа аймақтардан су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 10 мыңнан астам адам, 2074 техника, оның ішінде 1265 арнайы техника жұмылдырылды.