Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы аясында Түркияның «TRT» телеарнасы оқу ордасы туралы деректі фильм түсірді.
Түрік арнасындағы қазақ ЖОО-сы
55
оқылды

Мақсат – түркі әлеміндегі көшбасшы жоғары оқу орындарын әлемге таныстыру және кеңінен насихаттау.

Деректі фильмде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтан, құрметті профессорлардан, факультет декандарынан және білім алушы жастардан сұхбат алынып, университеттің қызметі мен тыныс-тіршілігі туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ университеттің білім беру жұмыстары мен ғылыми инфрақұрылымы толық таныстырылды.

«TRT» телеарнасының түсірілім тобы ҚазҰУ музейін, Әл-Фараби кітапханасын, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығын, ҚазҰУ спорт кешенін, оқу ғимараттарын және аудиторияларды түсірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ туралы деректі фильм Түркияның  «TRT» телеарнасынан алдағы уақытта көрсетіледі.

 

Қарагөз СІМӘДІЛ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің

Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының оқытушысы