Бүгінде қажетті процессуалдық шаралар жүріп жатыр.
Су тасқыны кезінде кісі өліміне қатысты 7 қылмыстық іс қозғалған
281
оқылды

Елімізде су тасқыны кезінде адам өліміне қатысты 7 қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев кейбір жоғалғандар әлі де іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Өкінішке қарай, осындай жағдайлар болды. Барлық дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу қажетті процессуалдық шараларды жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша, жағдай қалай болғаны анықталады. Олардың жоғалу себебіне кімнің қатысы бар екені тексеріледі», – деді Марат Қожаев Сенат кулуарында.

Марат Қожаевтың мәліметінше, бүгінде Абай облысында екі адам іздестіріліп жатыр. Ал Атырау облысында жоғалған адамдардың мәйіті табылған.