Интернетке тараған видео 16 сәуірде түсірілген екен.
«Аты – Пшөн»: Жайық өзенінде бөгет жасауға көмектескен ит желі жұлдызына айналды
Фото: видеодан кадр
905
оқылды

Әлеуметтік желіде Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыс кезінде тұрғындарға белсенді көмектескен иттің видеосы тарап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Tengrinewskz еңбекқор иттің иесін тауып, тілдесті. Ит иесі Зәмзәгүл Атырау облысы Сарытоғай ауылынан екені белгілі болды. Иттің аты – Пшөн. Желтоқсан айында үш жасқа толады. Интернетке тараған видео 16 сәуірде түсірілген екен.

«Жайық өзенінің жағасында бөгет құрылысы басталғалы бері итіміз жақын жерде жүріп, көмектесіп жүр. Осылайша, басқаларға мотивация беріп жатыр. Итіміздің видеосы желіге тарағанына өте қуаныштымыз. Ол – біздің адал досымыз. Оны мұндағылардың бәрі біледі және мақтан тұтады», – дейді Зәмзәгүл.