Астанада дәстүрлі «Astana Eurasian Book Fair – 2024» VII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды.
Елордадағы Еуразия кітап көрмесі
556
оқылды

Кітап көрмесіне Қазақстан, Ресей, Түркия, Иран, Өзбекстан, Испания, Қытай елдерінен бас­па, кітап сату, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық өнімдерін ұсынатын 70-ке жуық компания қатысуда.

Биылғы жобаның негізгі мақ­саты – балалар мен жасөспірім­дерді кітап оқуға баулу, отбасы-мен бірге кітап оқуды насихаттау, жас­тардың оқырмандық талға­мын қалыптастыру, оқырмандар­ға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің ең жақсы заманауи ассортиментін ұсыну, әлемдік кітап шығару және баспа индус­триясының тәжірибесімен алма­су, әлемдік баспалармен байла-ныс орнату және баспа ісіндегі же­тістіктерді көрсету.

«Astana Eurasian Book Fair – 2024» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ересектерге де, бала­ларға да бірдей қызықты болатын бес күндік мәдени-іскерлік бағ­дар­ламадан тұрады. Көрме қонақ­тары мен қатысушыларын жетек­ші отандық және шетелдік баспа­лардан балалар әдебиеті, көркем әдебиет, ғылыми-танымдық әде­­биеттердің тұсаукесері, белгілі ақын-жазушылармен қолтаңба-сессиялар, кітап шығарудың өзекті мәселелері талқыланатын дөңгелек үстелдер күтеді. Бес күндік көрмеде күн сайын ойын алаңында кітап оқу, шеберлік сыныптары, тағы басқа да қызық­ты іс-шаралар өткізіледі.

Жыл сайын дәстүрлі түрде «Фолиант» баспасы ұйымдас­тырып келе жатқан кітап көрме-жәрмеңкесіне кіру биыл ақылы. Ұйымдастырушылардың  ай­туын­­ша, жиналған қаржы су тас­қы­нынан зардап шеккен аймақ­тарға жіберіледі.