Астана-Дубай бағыты бойынша 17 сәуірдегі КС205 рейсі бару пункттегі әуежайдың жабылуына байланысты Фуджейра қаласының әуежайына қонды.
Су тасқыны: Air Astana Дубайға ұшатын рейстерін кейінге қалдырды
Фото: t.me/PR_AirAstana
802
оқылды

Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі Дубайдағы су тасқынына байланысты тағы да бірнеше рейс кейінге қалдырылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әуекомпания Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша 17 сәуірге жоспарланған КС897/КС898 рейстері Дубай әуежайының жабылуына байланысты тоқтатылатынын хабарлады. Жолаушылар билеттерді басқа күндерге қайта брондай алады немесе сатып алу орны бойынша құнын қайтара алады.

Астана-Дубай бағыты бойынша 17 сәуірдегі КС205 рейсі бару пункттегі әуежайдың жабылуына байланысты Фуджейра қаласының әуежайына қонды. Дубайға ұшу уақыты 18 сәуір жергілікті уақыт бойынша 08:20 жоспарланған. Дубай-Астана бағыты бойынша КС206 рейсі жергілікті уақыт бойынша 18 сәуір 10:00-ге ауыстырылды.

«Дубайға ұшу кестесінде басқа өзгерістер болып жатса, әуекомпания қосымша хабарлайды. Әуежайға барар алдында әуекомпанияның ресми сайтында рейстің статусын тексеруді сұраймыз. Air Astana Дубайдағы қатты нөсерден туындаған қолайсыздықтарға өкініш білдіріп, әуежайдың жұмысы тез уақытта қалпына келетініне үміттенеді», - деді әуекомпаниядан.