Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің (Seoultech) президенті Дон Хван Ким «500 ғалым» бағдарламасы аясында ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.
Қазақстан Орталық Азиядағы академиялық хаб болады
176
оқылды

Жақында болған екі елдің өкіл­дерінің кездесуінде тараптар еліміздегі жоғары білім және ғылым саласында болып жатқан оң өзгерістерді талқылады. Ми­нистр Саясат Нұрбек Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының сәтті ашылып жатқаны, Қазақстанды Орталық Азиядағы академиялық хаб ретінде дамыту бойынша жүргізіліп жатқан саясат туралы хабардар етті. Өз кезегінде уни­вер­ситет президенті Дон Хван Ким Seoultech-ті әлемнің үздік университеттерінің тізіміне ен­гізуді жоспарлап отырғанын жет­кізді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ­стан­да Seoultech филиалын ашу­дың артықшылықтарына назар аударды. Мәселен, еліміздің стра­тегиялық жағдайы, елдер арасын­дағы түрлі саладағы бірқатар ұзақмерзімді әріптестік, корей жоғары оқу орындарының басқа да филиалдарын ашу тәжірибесі, пайдалы қазбалар мен биотех­нология, ғарыш саласында бір­лескен зерттеулер жүргізу мүм­кін­дігі, олар бойынша еліміздің жинақталған базасы және табиғи минералдар мен жер қойнауы-ның үлкен қоры бар.

Министрдің пікірінше, мұ­ның бәрі өзекті бірлескен зерт­теулер жүргізуге ғана емес, соны­мен қатар әлемдік ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қо­суға көмектеседі. Сондай-ақ тараптар «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «500 ғалым» ғы­лы­ми тағылымдамадан өту бағ­дарламасы аясындағы ынты­мақ­тастықты кеңейту мәселе­лерін талқылады. Тараптар бір­лескен жұмысты қос дипломдық бағдарламадан бастауға келісті.