Жаңа Заңның қабылдауына тікелей атсалысқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ заңнама жайында пікірін білдірді.
Үнзила Шапақ: Заңда неке және отбасы институты баланы қорғауға бағытталған
217
оқылды

 Жалпы, заңда неке және отбасы институты баланы қорғауға бағытталған. Тіпті Конституцияның 27-бабында нақты қорғалған норма. Осыған қоса, отбасылық құндылықтарды сақтау, қорғау, оны нығайту жөнінде қағидаттар енгізілді. Демек, балаларды тәрбиелеген кезде адамзаттық құндылықтарды, ұлттық дәстүрді құрметтеу мәселелері көтеріліп отыр. Ол үшін рухани тәрбиелеу өте қажет.  Ал ол тәрбиеде отбасы мүшесінің әрбірі атсалысуы керек. Онда да әрбірі құқықтық шекарадан шықпауы тиіс. Мысалы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды қорғау мақсатында заң жобасында біраз шаралар көрсетілген. Балалар құқығын қорғауды, жазалау шараларын қатаңдатты. Сонымен бірге қоғамның моральдық және этикалық қағидаттарын тереңдетіп берді. Яғни, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға жыныстық сипатта тиіскені үшін – 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегу және 40 күнге дейін қамауға алу жазасы енгізілді.

Ұруға қатысты нақтыланған бір норма бар. Оған не жатады? Егер ұру әрекеті денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлық зиян келтіруге әкеліп соқпаса, жәбірленушіні азаптауды жеткізу мақсатында ерекше қатігездікпен, қорқытумен жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық немесе психикалық азап шектіретін болса, бұл жерде де жаза қатайтылған.

Сондай-ақ өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу норма бойынша үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге дейін бас бостандығынан айыру бар. Адамдар қылмысты алдын ала топпен жасайтын болса, телекоммуникация желілерін пайдаланған болса, онда бес жылға дейін деп, кінәлі адамды дәрменсіз күйде екенін көрінеу белгілі, не кінәлі адамға материалдық немесе өзгедей тәуелді адамға қатысты жазаны қатайтты. Аяғы ауыр әйел адамға қатысты мәселе бойынша да қатайтты.

Әлеуметтік зорлық-зомбылық бүгін пайда болған құқық бұзушылықтың түрі емес. Бұл бұрыннан бар. Бірақ қазір әлеуметтік желінің дамуына байланысты бұл ашық шығып жатыр деп ойлаймын. Оған қоса, адамдар бұрынғыдай жасырынып, отбасындағы мәселені ешкімге көрсетпей, тығылмайды. Қазір қоғамда зорлық-зомбылыққа, біреудің құқығы мен шекарасына қол сұғушылыққа төзбеушілік күшейіп келеді. Осыны тоқтату мақсатында да бұл мәселе өршіп тұр деп ойлаймын. Негізі оның жария болып жатқаны бір жағынан өте ауыр сияқты сезілгенмен, қоғамды тәрбиелеу үшін, адамдардың санасының қайтадан қалыптасуы үшін бұл орынды болып жатқан әрекеттердің бірі, – дейді Парламент Мәжілісінің депутаты.