Өнер иесі анасы мен бауырларына алаңдайтынын жеткізді.
"Бір Құлсарыны ойлаудың өзі қорқынышты": Ақерке Бүркітбай Атыраудағы жақындарына алаңдайтынын айтты
1,318
оқылды

“Асыл” тобының мүшесі, қобызшы Ақерке Бүркітбай су тасқынынан зардап шеккен атыраулық жерлестеріне алаңдайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі анасы мен бауырларын Алматыға көшіріп алғысы келетінін айтады.

“Сәлем, достар! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күй жоқ. Сол баяғыдай Атыраудағы, жалпы Қазақстандағы жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Петропавлдың жағдайы өте нашар. Оралды су басып жатыр. Атырауға судың келіп-келмейтінін білмейді. Адамдарды бір эвакуациялайды, бір қайтарады. Халық моральдық тұрғыдан шаршады. Мен Атырау тумасы болғандықтан, барлық туыс, дос-жаран, ата-анам сол жақта. Қалай боларын білмеймін?! Иә, су келеді, кейін кетеді. Мен содан кейін болатын жағдайға өте қатты алаңдаймын. Қарапайым халық бұрынғы тұрмысын қалпына келтіре алмайды. Қаншама үй мен мал кетті. Бір Құлсарының өзін ойлаудың өзі қорқынышты”, – дейді ол.

Сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен анасы мен бауырларын Алматыға көшіріп алуды да ойлағанын жасырмады. Басқа да “Атыраулық ағайынның ойы қалай екен?!” деп оқырмандарына сауал тастады. 

“Атыраудағы анам мен бауырларымды Алматыға көшірген дұрыс па?! Әлде сол жақта қалып, күту керек пе?!” Ертең топан су болса, не болады?! Үйге 5 сантиметр су кіре ме, 5 метр кіре ме бәрібір. Су кірген үй тұруға жарамсыз болып қалатыны анық. Оның бәрі қалпына қалай келеді?! Бір шешімін тауып, ипотекаға болса да, үй алып, Алматыға көшіріп алғым келіп отыр. Сонда ғана жүрегім мен жаным тыныш болатын шығар?! Ой көп. Сіздер не істеп жатырсыздар, атыраулықтар?" – деп сұрады қобызшы.