Назым Қызайбай – бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы.
«Мұндай әйел алғым келмейді, жағымды сындырасың»: ер адам Назым Қызайбайдың соққысынан шошып қалды
Фото: sputnik.kz
2,860
оқылды

Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайдың көшеде кездейсоқ кездескен ер адамды ауыр соққысымен шошындырған видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ға сілтеме жасап.

Соққының салмағын өлшейтін құралдың жанында тұрған Назымға егде тартқан ер адам қалай дұрыс ұру керектігін үйретпек болады. Оның боксшыны танымай тұрғаны анық байқалады. Назым болса құралды ауыр соққымен ұрғанда, әлгі ер адамның көзі шарасынан шығып кете жаздады.

«Мен мұндай әйел алғым келмейді, жағымды сындырып жіберерсің», - деп әзілдеді ол.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы. Ол Париж Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирге қатысады.