Осы уақытқа дейін су басу аймақтарынан екі мыңнан астам адам алдын ала эвакуацияланған.
СҚО-да әскерилер ауыл тұрғындарын көшіріп жатыр
Фото: ТЖМ
642
оқылды

Солтүстік Қазақстанда ТЖМ әскери қызметшілері ауыл тұрғындарын эвакуациялап жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

68303 әскери бөлімінің сарбаздары эвакуацияның белсенді кезеңіне тартылды. Әскерилер ауыл тұрғындарын Соколовка кентінен Пресновкаға алдын ала тасымалдап, уақытша орналастыру пункттеріне орналастырған.

Эвакопункттерде зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Төтеншеліктердің мәліметінше, осы уақытқа дейін су басу аймақтарынан екі мыңнан астам адам алдын ала эвакуацияланған.

Сонымен қатар қарағандылық құтқарушылар СҚО мен БҚО-да су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Аталған облыстардың аумағында болған уақытында олар төрт жүзге жуық адамды және жеті жүзден астам бас малды құтқарып, эвакуациялады. Сондай-ақ олар ұзындығы 9000 метр су бұру бөгеттерін тұрғызды. 34 мыңға жуық инертті материал салынған қаптар төседі.