ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева өңірдегі ахуал жайында ОКҚ брифингінде баяндады.
ШҚО-дағы таулы өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін
Фото: 24.kz
326
оқылды

Шығыс Қазақстан өңірінің таулы аумақтарындағы қар жамылғысы және ылғал қорының биіктігін, ауа температурасының жоғарылауы, оның ішінде түнгі уақытта және жауын-шашынның болуы мүмкіндігін ескере отырып, сәуір айының ортасынан бастап Бұқтырма, Үлбі, Үбі сынды таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін екені болжанып отыр. 

ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева өңірдегі ахуал жайында ОКҚ брифингінде баяндады. 

«Бүгінде қар жамылғысының ауданы 48%. Көптеген ауданда қар қоры және  ондағы судың мөлшері нормадан 1,5-2 есе жоғары. Су тасқыны қаупі болғанмен, алайда қазір қатер жоқ. Су тасқыны жағдайын бақылау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі», – деді спикер.

132 гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бөгеттерде судың деңгейі алдын ала төмендетілген. Су тасқыны учаскелеріне тәуліктік кезекшілік қойылған. Облыста жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Күштер мен құралдар әзірлікке келтірілді. Жағдай бақылауға алынған.