Кеңес барысында көлік полициясына жүктелген қылмысқа қарсы күрес бойынша басым міндеттерді іске асыру, еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Көліктегі полиция департаменті I тоқсандағы жедел қызметтің жұмысын қорытындылады
355
оқылды

Көліктегі полиция департаментінде 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік жұмысын қорытындылауға арналған кеңес өтті. Оған департамент басшылығы мен аппарат қызметі мен мен онлайн режимде қосылған желілік бөліністердің басшылары қатысты.

Кеңес барысында көлік полициясына жүктелген қылмысқа қарсы күрес бойынша басым міндеттерді іске асыру, еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Атап айтқанда, құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша профилактикалық жұмыстың жай-күйі, полицияның қоғаммен өзара іс-қимылының негізгі аспектілері талқыланды. 

Өз сөзінде департамент бастығы, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі істер органдары қызметкерлеріне жүктеген негізгі міндеттерді атап көрсетті. Әділетті мемлекет пен біртұтас қоғамның берік негізі болып табылатын «Адал азамат» тұжырымдамасын басшылыққа алу, яғни адал еңбек ету, кәсіби біліктілік пен жауапкершілікті арттыру, заң және тәртіп, жазаның бұлтартпаушылығы, кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді нықтап айтты.

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Сәденовтің тапсырмасы бойынша 2024 жыл кадр әлеуетін көтеру жылы болып жарияланды. Осыған байланысты кадр саясатын және дағдарыс жағдайлары кезінде жеке құрамның қызметтік-жауынгерлік даярлық деңгейін жетілдіру, тәртіпті пен әрбір полиция бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шараларды күшейту мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиын соңында Б.Малыбаев желілік бөлімшелер мен аппарат қызметтерінің бастықтарына қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күресуде нақты тапсырма берді.