"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 17 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Тұман, дауыл, бұршақ: 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: stan.kz
1,732
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 17 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы сақталады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан бойынша найзағай, тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, солтүстікте бұршақ күтіледі.