Есіл өзеніндегі судың деңгейі күрт көтерілуіне байланысты тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияланды.
Атбасар ауданында тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
206
оқылды

Ақмола облысы Атбасар ауданындағы ауылдардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы тәулікте Самарка ауылынан 50-ден астам адам эвакуацияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл өзеніндегі судың деңгейі күрт көтерілуіне байланысты шұғыл түрде Самарка ауылынан 53 ересек адам, оның ішінде 25 бала, сондай-ақ үй жануарлары Атбасар қаласына эвакуацияланды. 

«Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бірлесіп, тәулік бойы Самарка ауылындағы жалпы білім беретін мектепті судан қорғау үшін қосымша бөгет тұрғызып, құм толтырылған қаптарды төсеп жатыр. Сонымен бірге, мотопомпа арқылы су сору жұмыстары да жасалып жатыр. Осының арқасында мектеп тасқын судан аман қалды», – деді ведомстводан.