Бүгін ауа райы қандай болады?
Жаңбыр, жел, тұман: 16 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Фото: oimaqnews
280
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ресми ақпаратқа қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктер республика территориясында жаңбырлы және желді ауа райын сақтайтын болады.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады.

ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады.