Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов СҚО-ға барды.
Министр Шыңғыс Әрінов СҚО тұрғындарын уақытылы эвакуациялауды тапсырды
211
оқылды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысынан Солтүстік Қазақстан облысына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ведомство мәліметі бойынша, министр жұмыс сапары барысында Петропавл маңындағы су басқан елді мекендерді аралап көрді. Жергілікті тұрғындарды уақытылы эвакуациялауды белсенді түрде жүргізуді тапсырды.

Бұған дейін СҚО-да су тасқынының екінші толқыны басталғанын жазған болатынбыз.