Қызылорда облысының халқы жөнелткен көмек Солтүстік Қазақстан облысына жетті.
Қызылжарға гуманитарлық көмек жетті
426
оқылды

Сыр бойының жұртшылығы жинаған гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлікпен қатар, тұрмыстық заттар және тағы басқа керек-жарақ дүниелер бар. Жүкті «Радуга» ЖШС-да еріктілер түсіріп алды. Енді барлық зат аудандарға жіберіледі. 

««AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық фи­лиа­лының ұйымдастыруымен сыр бойынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Осынау қиын шақта біздің жерлес­тері­мізді демеп, қолғабыс еткен әріптестерімізге алғыс біл­діргім келеді. Көп болып, қолымыздан келген көме­гіміз­ді аямайық! Президент айтқандай, күшіміз – бірлік­те!», – деді «AMANAT» партиясы СҚОФ атқарушы хат­­­­шысы Жеңіс Асанов.

Жалпы, Қызылорда облысынан еліміздің 5 өңіріне 10 жүк көлігі жіберілді.

Берік БЕК