Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев су тас­қы­ны­ның алдын алу мақсатында ау­­мақты әуеден бақылау ба­ры­сын­да Марқакөл ауданына қарас­ты «Теректі – Ұрынхай – Төсқайың» тас­жолының 13 шақырымын қай­та қалпына келтіру жұмысымен танысты.
Жағдай жіті бақылауда
632
оқылды

Биыл 12 сәуірде «Мраморное» асуы маңын­да топырақ көшкіні жүріп, об­лыстық маңызы бар жол опырылып түс­кен еді. Тұрғындар қауіпсіздігін қам­­­­тамасыз ету мақсатында аталған жол бөлігі уақытша жабылған болатын. «Қа­зір жолдарды жедел қайта қалпына кел­тіру жұмысы басталды. Аймақ бас­шы­сы жол жөндеу жұмысы барысымен та­нысып, тиісті тапсырмалар берді. Жол жөндеуге қажет техникаларды тар­та отырып, тасжолды жедел қалпына келтірдік. Жағдайды жіті бақылауда ұстау­дамыз», – деді облыстық мәслихат де­путаты, «AMANAT» партиясы фрак­ция­сының мүшесі Жанболат Қазанов.

Бүгінде облыс әкімінің тапсыр­ма­сы­на сәйкес, жол қызметінің арнайы ма­мандары топырақтағы ылғал көлемін есеп­теп, өзге аумақтарда осындай жағ­дай қайталанбас үшін қадағалау жүр­гізу­де.