Бірнеше сағаттың ішінде 5 бірлік техника жұмылдырылған «Тамғалы тас» тарихи-мәдени ескерткіші аумағынан 1 тонна қоқыс жиналды.
Алматы облысында «Киелі мекен» акциясына 300-ге жуық адам қатысты
626
оқылды

Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев бастаған тарихи-мәдени ескерткіштер мен олардың аумақтарының жағдайын жақсартуға бағытталған «Киелі мекен» акциясына 300-ге жуық адам қатысты. Олар – қала тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер және мемлекеттік органдардың өкілдері. 

Тазалау жұмыстары Қапшағай бөгетінен солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан Тамғалы тас трактінің аумағында жүргізілді. Тракт үлкен (60 м-ге дейін) тік жартастардан тұрады. Тамғалы тас кешені – Қазақстандағы өнер, тарих және мәдениеттің көрнекті ескерткіші. Біз қорғауға және сақтауға тиіс осы көне киелі жердің табиғаты, адам көңіліне ұмытылмас әсер қалдыратынына кепілдік береді. 

Бірнеше сағаттың ішінде 5 бірлік техника жұмылдырылған «Тамғалы тас» тарихи-мәдени ескерткіші аумағынан 1 тонна қоқыс жиналды.

Мұндай әрекеттер қазақстандықтарды тату көршілік пен өзара көмекке баулиды. Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, сол арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырады.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада «Киелі мекен» іс-шарасына кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден және түрлі кәсіпкерлік субъектілерінен 300 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 3 тоннаға жуықтады. Облыс бойынша барлығы 23 бірлік жүк тиеу техникасы пайдаланылды.